Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте төтенше жағдай салдарынан жүздеген үй газдан уақытша ажыратылды

Жарияланған күні:

жанып тұрған газ
Жанып тұрған газ. Көрнекі фото : pixabay.com

Жексенбі, 25 тамызда Шымкентте өрт шығып, салдарынан 800-ден астам үй газсыз қалды. Бұл жағдайға "QazaqGaz Aimaq" АҚ түсінік берді, деп хабарлайды Otyrar.kz телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, жексенбі, сағат 17:07-де "QazaqGaz Aimaq" АҚ Шымкент өндірістік филиалының төтенше жағдайлар қызметіне Ынтымақ-2 шағын ауданында өрт шыққаны, қураған ағаштар өртенгені туралы хабар келіп түскен.

Өрт дереу сөндірілген, зардап шеккендер жоқ. Алайда төтенше жағдай салдарынан жер асты жоғары қысымды полиэтилен газ құбыры еріп кеткен.

Төтенше жағдайды жою үшін апаттан құтқарушы бригада екі газ құдығындағы ысырманы жауып тастады. Көкбұла, Тәуелсіздікке 20 жыл, Алтын төбе, Ақбұла және Жаңа Тұрлан ауылдары уақытша газдан ажыратылды. Барлығы 820-ға жуық жеке тұрғын үй мен 3 өндірістік кәсіпорын газсыз қалды.

"Қазіргі уақытта бүлінген аумақты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іске қосу жұмыстары 2024 жылғы 26 ​​тамызда күндізгі уақытта басталады", - деп түсіндірді компания өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2153154-shymkentte-totenshe-zhagdai-saldarynan-zhuzdegen-ui-uaqytzha-gazdan-azhyratyldy/