Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 жылда алғаш рет": мамандар Қапшағай су қоймасына қатысты жағымды жаңалықты бөлісті

Жарияланған күні:

Қапшағай су қоймасы
Қапшағай су қоймасы. Фото: Roman Chekhovskoy / Getty Images

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасына соңғы 10 жылда 18 миллиард текше метрден астам су жиналып, алғаш рет 100 пайызға толды. Бұл туралы Су ресурстары және иррегация министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің Telegram-дағы реми арнасында жарияланған мәліметке сай, су қоймасы Қытай аумағынан бастау алатын трансшекаралық Іле өзенінің суын жинайды. Биыл көктемде секундына 900 текше метрге дейін су келген. Мамандар мұның себебін Тянь-Шань мұздықтарының еруі мен жауын-шашынның көп болуымен байланыстырады.

"Қапшағай су қоймасы соңғы рет 2014 жылы 100 пайызға толған еді. Суару маусымы басталғалы Шеңгелді алқабының 6 мың гектар және Ақдала алқабының 28 мың гектар жеріне су берілді. Бүгінгі таңда шаруалардың сұранысы бойынша секундына 750 текше метр су жіберіліп жатыр", - деді Балқаш-Алакөл бассей инспекциясы басшысының орынбасары Медет Керімжанов.

Қазір Қапшағай су қоймасында 16 млрд 200 млн текше метр су бар. Облыста вегетация кезеңі қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Одан кейін су тасқыны кезеңіне дайындық басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2153241-10-zhylda-algash-ret-qapshagai-100-paiyz-suga-toldy-video/