Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 2027 жылға дейін квазимемлекеттік компания құруға мораторий енгізілді

Жарияланған күні:

Құжатқа қол қойып отырған ер адам
Құжат толтырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілді. Тиісті қаулыға премьер-министр қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжат Қазақстан Республикасы НҚА электронды түрдегі эталондық бақылау банкі порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілген.

Дегенмен мынандай айрықша жағдайлар бар:

  • "Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы" заңның сақталуын қамтамасыз ету қажеттілігі;
  • Қазақстан Республикасы президентінің тікелей тапсырмасы бойынша айрықша істер.

Құжат заңды күшіне енді.

Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндетті қызметтерді көрсету қағидасына сәйкес, квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2153248-qazaqstanda-2027-zhylga-deiin-kvazimemlekettik-kompaniia-quruga-moratorii-engizildi/