Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол тіпті отыра алмайды": сотта Гүлмира Сатыбалдының денсаулығы нашарлағаны мәлім болды

Жарияланған күні:

Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот отырысы
Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот отырысы. Фото: NUR.KZ/Айгерим Хамзина

Алматыда Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша жарыссөздер өтіп жатыр. Алайда сотталушының денсаулығына байланысты бүгінгі сот отырысын кейінге шегеруге тура келді, деп хабарлайды сот залынан KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, бүгінгі жарыссөзге сотталушылар, сондай-ақ олардың адвокаттары онлайн қосылған. Олар сот залында болған жоқ. Процес бастала салысымен Гүлмира Сатыбалдының денсаулығы сыр бергені белгілі болды.

"Бізді қосқан кезде, қорғалушымыздың аллергиясы асқынғанын білдік. Оған антигистаминдік дәрілер салынды. Қазір оның бүйрегі қатты ауырып тұр, оған дәрігер табылмай жатыр.

Біз сот отырысына дайынбыз, бірақ қорғалушымыздың жағдайына қараймыз – ол тіпті отыра алмайды. Сондықтан сот отырысын кейінге қалдыруды сұрайды. Біз процесті созып жатқан жоқпыз, ол шынымен ауырып тұр. Ол отыра алмайды, жылап келді", - деп түсіндірді сотталушының адвокаты оның жағдайын.

Судья Кәкімжанов ешкім Сатыбалды өтірік ауырып тұр деп ойламайтынын атап өтті. Сот отырысы 27 тамызға ауыстырылды.

Еске салсақ, соңғы өткен сот жарыссөзінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты іс бойынша сотта прокурор айыпталушыны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2153259-ol-tipti-otyra-almaidy-sotta-gulmira-satybaldynyng-densaulygy-nasharlagany-malim-boldy/