Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте алғаш рет табан деформациясына ота жасалды

Жарияланған күні:

Баланың табаны
Баланың табаны. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте алғаш рет табан деформациясына ота жасалды. Хирургиялық ем-дом мәскеулік мамандардың көмегімен жүзеге асты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ontustiktv.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық балалар клиникалық ауруханасында қолға алынған бастама аясында 5 күнде 14 баланың дертіне шипа табылды.

Соңғы жылдары табан деформациясымен туатын нәрестелердің саны артқан. Салдарынан жүріп-тұруы қиындап, тіпті аяқкиім кие алмайтын жағдайлар да кездесіп жатады. Мамандар осындай диагноздағы балалардың дертіне ем табылғанына қуанады.

Күрделілігі жоғары санаттағы хирургиялық операция арнайы ашық есік апталығында жасалды. Бұл уақытта ортопедия және микрохирургия саласындағы жетекші ресейлік мамандар 14 жеткіншектің аяқтан тұруына ықпал етті.

Шымкенттік дәрігерлер микрохирургия арқылы туа біткен аурулардың хирургиялық емдеудің заманауи, прогрессивті әдістерін меңгерген. Осындай тәжірибе алмасулар алдағы уақыттарда да жалғасын табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2153271-shymkentte-algash-ret-taban-deformatsiiasyna-ota-zhasaldy/