Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар тұрғыны өрт сөндіру көлігін өткізбегені үшін жазаланды

Жарияланған күні:

өрт сөндіру машинасы
Өрт сөндіру көлігінің белгісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар көшелерінде 13-22 тамыз аралығында өткен "Жол бер" науқаны видеоға түсірілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, акцияға қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлері мен Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері қатысты.

Бұл науқанның мақсаты қызметтік автокөлік құралдарындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ көк және қызыл түс беретін маяктар мен арнайы дыбыстық сигнал қосылған арнайы автокөлік құралдарына жол бермейтін жүргізушілерді анықтау болды.

"Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаев пен Амангелді көшелерінің қиылысында "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі жарық және дыбыс сигналын қосып келе жатқан өрт сөндіру қызметінің қызметтік көлігіне жол қозғалысы кезінде басымдық бермегені үшін айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Павлодар полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Максим Құстанов.

Сондай-ақ ол мұндай шараларды мүмкіндігінше жиі өткізу керек екенін айтты.

"Сонда жүргізушілер арнайы көліктерге жол беру арқылы Жол қозғалысы ережелерін сақтап қана қоймай, басқалардың қайғысына бей-жай қарамайтынын түсінеді", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2153295-pavlodar-turgyny-ort-sondiru-koligin-otkizbegeni-ushin-zhazalandy/