Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы бір жол ақылы болмақ: Көлік министрлігі бұйрық жобасын әзірледі

Жарияланған күні:

Тас жол
Тас жол. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Көлік министрлігі "Республикалық маңызы бар Үшарал – Достық жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрық жобасын әзірледі. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолының Үшарал-Достық учаскесі ақылы негізде пайдалануға берілмек.

"Республикалық маңызы бар II санаттағы Үшарал – Достық жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы ақылы негізде қолданылады;

Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – км 0+000, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – км 180+0001", делінген құжатта.

Ақылы жолдың ұзындығы 180 км болмақ.

Автобустар мен жүк көліктері үшін ақылы жолдағы ақы мөлшерлемесі белгіленді.

Құжат 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда ақылы жолдар тарифтері көтерілетінін хабарлаған едік. Бұл жөнінде сенат кулуарында Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев айтты.

Қарабаев қазақстандықтарға ақылы жолдардағы тарифтер көтерілетіні туралы алдын ала хабарланатынын атап өтті. Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланады, қоғам болып талқылау үшін 14 күн уақыт беріледі. Талқылау наурыз айында басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2153343-qazaqstanda-tagy-bir-zhol-aqyly-bolmaq/