Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей ұшағының бортындағы жанжал: сот өкілдері іс не себепті тоқтатылғанын түсіндірді

Жарияланған күні:

Ұшақ борты
Ұшақ борты. Көрнекі фото: pixabay.com

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Аэрофлот" әуекомпаниясының бортында мас болып, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған азаматқа қатысты істі қарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана соттарына сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны ер адамға қатысты іс қаралды.

Істің мән-жайынан ер адам "Аэрофлот" әуекомпаниясының бортында мас күйде балағат сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқаны белгілі болды.

"Сот отырысында ол кінәсін мойындап, оны авиакомпания қызметкерлеріне өзінің наразылығын білдіргенімен түсіндірді. Сондай-ақ ол құқықбұзушылық Ресей Федерациясының аумағында, Ресей авиакомпаниясына тиесілі ұшақтың бортында болғанына байланысты соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады", - делінген хабарамада.

Сот отырысында инспектор құқықбұзушылық шын мәнінде Ресей Федерациясына тиесілі "Аэрофлот" авиакомпаниясының бортында жасалғанын көрсетті.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 3-бабына сәйкес, Қазақстан аумағында әкімшілік құқықбұзушылық жасаған адам осы Кодекс бойынша жауапқа тартылады.

"Қазақстан аумағында басталған немесе жалғасқан не аяқталған іс-әрекет Қазақстан аумағында жасалған әкiмшiлiк құқықбұзушылық деп танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан континенттiк қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкiмшiлiк құқықбұзушылықтарға да қолданылады.

Қазақстан портына тiркелген және Қазақстан шегiнен тыс ашық судағы немесе әуе кеңiстiгiндегі кемеде әкiмшiлiк құқықбұзушылық жасаған тұлғаның әрекеті, егер Қазақстан халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады", - делінген сот хабарламасында.

Сот ер адам жасаған әрекеттер Ресей Федерациясына тиесілі "Аэрофлот" әуекомпаниясының бортында болғанын анықтады.

Сот қаулысымен іс басқа мемлекетке тиесілі әуе кемесінде жасалғандығына байланысты іс жүргізуді тоқтатты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2153377-resei-ushagynyng-bortyndagy-zhanzhal-sot-okilderi-is-ne-sebepti-toqtatylganyn-tusindirdi/