Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әкімдігі тұрғындарға "Қараөткел" көпірінің жөндеу жұмыстарына байланысты үндеу жасады

Жарияланған күні:

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты "Қараөткел" көпірінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Ведомстводағылар тұрғындардандан маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұрайды, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Қалқаман көшесінен "Қараөткел" көпіріне дейінгі жол төсемінің үстінгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 26-29 тамызы аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - дейді ведомстводағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2153625-astana-akimdigi-turgyndarga-qaraotkel-kopirining-zhondeu-zhumystaryna-bailanysty-undeu-zhasady/