Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы жаңа алтыншы ауданның атауы бекітілді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Елорда
Астана. Көрнекі фото: Рixabay.com

Астанада мәслихат отырысында елордадағы жаңа алтыншы ауданның атауы бекітілді. Депутаттар "Сарайшық" атауына дауыс берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жаз басында Алматы ауданы аумағының бір бөлігін бөліп, Астанада жаңа аудан құру, оған Сарайшық, Тұран, Сауран және Жерұйық деген 4 атау ұсынылғаны хабарланды.

Ономастикалық комиссия "Сарайшық" атауына тоқтады. Мәслихат депутаттарының басым бөлігі де "Сарайшық" елорданың жаңа, алтыншы ауданына ең лайықты атау деп есептеді.

Бұл Қазақ хандығының астанасының аты болғандықтан символдық атау деп аталды.

Бүгін мәслихат "Сарайшықты" елорданың жаңадан құрылған алтыншы ауданының атауы ретінде ресми түрде бекітті.

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының отырысында Тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлімдеді.

"Біз сіздерге елорданың жаңа ауданына "Сарайшық" атауын беру туралы ұсыныспен келдік, бұған дейін де осы мәселе бойынша ономастикалық комиссияның бірнеше отырысы өтіп, ол қолдау тапқанын білесіздер", - деді ведомство басшысы.

Мәслихат басшысы Ерлан Каналимов жаңа атау мәселесі бұған дейін де жан-жақты талқыланғанын айтып, жаңа атауға дауыс беруді ұсынды. Депутаттар қолдап дауыс берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2153835-astanadagy-zhanga-altynshy-audannyng-atauy-bekitildi/