Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зейнетке шығуға ыңғайлы жол": ғылым академиясының президенті мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Ақылбек Күрішбаев
Ақылбек Күрішбаев. Фото: Парламент сенатының баспасөз қызметі

Саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер академик болмайды. Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін жаңадан сайланған академиктерді ғылыми қоғамдастыққа ресми таныстыруға арналған салтанатты іс-шара барысында Күрішбаев мемлекеттік академия енді мәртебелі ұйым болып қана қалмайтынын айтты.

"Мемлекеттік академияның айырмашылығы – ол академик атағы "ғалым мансабының тәжі" дегенді білдіретін және зейнетке шығуға ыңғайлы жол ғана болып саналатын мәртебелік ұйым болмайды.

Біз оның құрамына қоғам қайраткерлерін, саясаткерлерді, мемлекеттік қызметкерлерді немесе табысты кәсіпкерлерді қоспаймыз.

Біздің міндетіміз – ғылымдағы белсенді көшбасшыларды, нағыз ғалымдарды, оның ішінде дарынды жастарды біріктіріп, оларға елге нақты пайда әкелетіндей барлық жағдайды жасау", – деді Ұлттық ғылым академиясының президенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2153892-qazaqstanda-endi-saiasatkerler-men-kasipkerler-akademik-bola-almaidy/