Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада бес бірдей құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Жарияланған күні:

Құрылыс
Көрнекі фото: depositphotos.com

Астананың қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы соңғы тексерулер барысында 426 бұзушылықты анықтаған. Бес құрылыс компаниясы лицензияларынан айырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құрылыс-монтаж жұмыстарын сапасыз орындағаны және мемлекеттік стандарттарды бұза отырып, жобалық құжаттамадан ауытқыған бірқатар кәсіпорын лицензиясынан айырылды.

Жобалық құжаттамадан ауытқығаны үшін бес компания құрылыс лицензияларынан айырылған. Олар:

  • "Пром Строй Гарант Кз" ЖШС ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде көпірлердің, көлік эстакадаларының, тоннельдер мен жол өтпелерінің, нысандарды күрделі жөндеуді және реконструкциялауды қамтитын өзге де жасанды құрылыстардың тірек және қоршау конструкцияларын салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға II санаттағы лицензиядан айырылды.
  • "Granite" ЖШС ғимараттар мен құрылыстардың тірек және қоршау конструкцияларын күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, тұрғызуды, топырақтағы арнайы жұмыстарды қамтитын инженерлік желілер мен жүйелердің кіші түрлері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға ІІ санаттағы лицензиядан айырылды.
  • "Ғимараттар мен құрылыстар құрылысы" ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензиядан айырылды.
  • "Sheberbuild" ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 2023 жылғы 18 қазандағы №23022845 лицензиясынан айырылды.
  • "Астана-Көктем С" ЖШС 2022 жылғы 25 қарашадағы №0000360 ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде көпірлердің, көлік эстакадаларының, тоннельдер мен жол өтпелерінің, нысандарды күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның ішінде шатыр жабындарын қоса алғанда, тірек және қоршау конструкцияларын тұрғызудың, монолитті орнату, сондай-ақ құрама бетон және темірбетон конструкцияларын монтаждау, қабырғалар мен бөлімдердің дана элементтерін қалау және ойықтарды толтыру, топырақтағы арнайы жұмыстар, оның ішінде негіздерді салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға лицензиясынан айырылды.

Бір жыл ішінде 426 бұзушылық анықталып, бұзушылықтарды жоюға 192 ұйғарым шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154040-astanada-bes-birdei-qurylys-kompaniiasy-turli-litsenziiasynan-aiyryldy/