Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайындағы мониторды сындырған: сот Fly Arystan жолаушысына айыппұл салды

Жарияланған күні:

Fly Arystan ұшағы
Fly Arystan ұшағы. Көрнекі фото: flyarystan.ru

Алматы әуежайында мониторды сындырған ұшақ жолаушысына айыппұл салынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елорда соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген (ӘҚБтК-нің 147-1-бабы, 1-бөлігі) әйел адамың ісін қарады.

"Іс материалдарына сай, құқықбұзушы Алматы қаласының халықаралық әуежайында мониторды қасақана зақымдаған. Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеті үшін өкінетінін айтты.

Жасалған құқықбұзушылық әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы хаттамада, түсiнiктемеде және бейнежазбада қамтылған нақты деректермен расталды", - делінген сотта.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабының 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолдануды көздейді. Бұл ретте, осы Кодекстің 50-бабына сәйкес жүкті әйелдерге және 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамаққа алу қолданылмайды.

"Х.-ның құқықбұзушылықты алғаш рет жасағаны, кінәсін мойындауы және кәмелетке толмаған 3 баласының болуы жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қаулысымен Х. ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды", - делінген хабарламада.

Желіде FlyArystan рейсіне кешіккен жолаушылардың әуежайда шу шығарғаны туралы ақпарат тарады.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жайтқа қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді. Олардың мәліметінше, полиция бөлімшесінің желілік бөлімі "Алматы-Астана" әуерейсінің жолаушыларының бірі қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтаған.

Кейіннен құқық бұзған 31 жастағы әйелді анықтады.

Көліктегі полиция оған тиісті шара қолданды. Келіншектің үстінен ұсақ бұзақылық және бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154048-almaty-auezhaiyndagy-monitordy-syndyrgan-sot-fly-arystan-zholaushysyna-aiyppul-saldy/