Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рудный қаласының әкімі ерлі-зайыптылардың үстінен сотқа шағымданды

Жарияланған күні:

Судья
Судья. Көрнекі фото: KamiPhotos / Getty Images

Рудный қаласының әкімі ерлі-зайыптылардың меншік құқығын тоқтату туралы арызбен, ал ерлі-зайыптылар тұрғын үй құқығын қалпына келтіру туралы қарсы талап арызбен сотқа жүгінді. Бұл туралы Қостанай облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Соттың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, азаматтық істі Рудный қалалық соты қараған,

Жауапкерлердің меншік құқығында Рудный қаласының Ленин көшесінде орналасқан пәтер тиесілі болған.

"Олар үйді ұстау ауыртпалығынан бас тартып, даулы пәтерден көшіп кеткен. Бұл олардың даулы пәтерге меншік құқығынан бас тартқанының куәландырады", - делінген сот хабарламасында.

2000 жылдан бастап үй бұзылуына байланысты пайдалануға жатпайды деп танылған.

"Үй 23 жылдан астам уақыт бойы бұзылып, бос тұрған. Үйді күрделі жөндеу және инженерлік-техникалық жабдықты қалпына келтірусіз пайдалану мүмкін емес", - делінген хабарламада.

Даулы пәтер 20 жылдан астам уақыт бойы иесіз мүлік ретінде есепте тұрған.

Ерлі-зайыптылар меншікке өзге баламалы тұрғын үй беру арқылы бұзылған тұрғын үйге құқықтарын қалпына келтіру туралы қарсы талаптарды мәлімдеуі, олардың даулы тұрғын үйді сақтап қалу ниетінің жоқтығын білдірді.

Ерлі-зайыптылардың меншікке өзге баламалы тұрғын үй беру арқылы бұзылған тұрғын үйге құқығын қалпына келтіру туралы қарсы талабы олардың даулы тұрғын үйді сақтап қалу ниетінің жоқтығын білдірді.

"Бұл ретте жауапкерлерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан өзге де тұрғын үй беру үшін негіздемелерді қамтамасыз ететін дәлелдемелер ұсынылмаған", - дейді сот өкілдері.

Осыған байланысты сот меншік құқығын тоқтату туралы талапты қанағаттандыру және қарсы талап қою талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154051-rudnyi-qalasynyng-akimi-erli-zaiyptylardyng-ustinen-sotqa-shagymdandy/