Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім грантына ие болғандардың тізімін жариялады

Жарияланған күні:

жоо1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

"Білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленді.

Барлық грант иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін барулары қажет", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство грант иегерлерінің тізімін жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін биыл жоғары балл алса да, білім грантын ала алмаған түлектер KAZ.NUR.KZ тілшісіне жанайқайын айтқан еді.

Кейін Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік грант алмаған талапкерлерге қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат алуға болатын Call-орталықтың номерін жариялады.

Сонымен қатар ғылым және жоғары білім министрі Қазақстанда талапкерлерге тағы 10 мың грант бөлінетінін айтты.

Ғылым және жоғары білім министрлігі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау квоталары туралы бұйрықтарда "төтенше жағдай болған өңірлер үшін квоталар" неліктен жоқ екенін түсіндірді.

Ведомство өкілдері игерілмеген және кей талапкерлер бас тартқан гранттар қалай бөленетінін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154115-gylym-zhane-zhogary-bilim-ministrligi-qosymsha-bilim-beru-granttaryn-tagaiyndady/