Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда 690 жыл бұрын әз Жәнібек сұлтанның құрметіне жазылған қолжазба табылды (фото)

Жарияланған күні:

Түркиядан табылған қолжазба
әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған қолжазба. Фото: t.me/madenietaqparat

Қазақстандық ғалым Түркия мұрағаттарынан 1334 жылы әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған 96 беттік қолжазбаны тапты. Бұл туралы Мәдениет министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, қолжазбада Әз Жәнібек ханның түпатасы Шыңғыс ханнан өз әкесі Өзбек ханға дейінгі ататегі қысқаша алтын нақышпен беріліп, негізгі мәтінде хикметтер туралы баяндалған.

Қолжазбаның ішкі мұқабасында Осман сұлтаны ІІ Баязидтің (1447-1512) мөрі қойылған.

Бұл тарихи мұраны Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен "Архив-2025" кешенді жоспары аясында Түркияның Стамбұл қаласында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Орталық мемлекеттік архивтің қызметкері, қазақ ғалымы Өмірбек Қанай анықтаған.

Қазір аса құнды қолжазбаның көшірмесі Қазақстанға жеткізіліп, әрі қарай зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысынан XVIII-XX ғасырлардағы құнды қолжазбалар табылғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154157-turkiiada-1334-zhyly-az-zhanibek-sultannyng-qurmetine-zhazylgan-qolzhazba-tabyldy-foto/