Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның екі өңірінде автогаз тапшы: министрлік өкілдері жағдайды түсіндірді

Жарияланған күні:

Жанар-жағамай бекетінде көлікке автогаз толытырылып жатыр
Автогаз. Көрнекі фото: pierrephoto/Getty Images

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жүргізушілері сұйытылған газ тапшылығына тап болып отыр. Энергетика министрлігі жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Otyrar.kz телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, Шымкент пен Түркістан облысындағы жанармай құю бекеттерінде "Газ жоқ" деген жазулар қайта пайда болған. Оңтүстік өңірлердегі автокөлік жүргізушілері мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырған жоқ. Еліміздің бұл аймақтарында жылына бірнеше рет автогаз тапшылығы байқалады. Көптеген жанар-жағармай құю станциясында газ толтыру мүмкін емес, кейбіреулерінде газ талон арқылы беріледі.

Энергетика министрлігі жағдайға түсінік бере отырып, газ жеткізілімі төмендегенін хабарлады. Жеткізу жоспары аясында Түркістан облысына ай сайынғы қажеттілік 14 мың тонна болғанымен, 11,9 мың тонна бөлінген. Шымкентте газға қажеттілік 7,6 мың тонна болғанымен, 6,5 мың тонна ғана бөлінген. Тапшылық шамамен 15 пайыздай болып отыр.

"Көптеген автокөлік жүргізушісі сұйытылған газға ауысқанын ескерсек, бұл күтілген жағдай. Өндіруші зауыттар жаз мезгілінде жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарын бастайды.

(Газ көлемі – ред. ескертпесі) нормадан артық бөлініп жатыр, егер тамыз айы туралы айтатын болсақ, Шымкентте – 540 тонна, Түркістанда – 1240 тонна", - дейді Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті басқармасының басшысы Қайрат Сатымов.

Қоғам белсенділері бұл салаға қатаң бақылау керек екенін айтады. Газдың барлығы жанармай құю станцияларына жетіп жатыр ма, оны қалай бөледі және тапшылық кезінде жоғары бағамен сатылмай ма, осы іспеттес сұрақтар көп.

"Газ және мұнай өнімдерін тарату кезінде біз салалық ұйымдардың қатысуы үшін қоғамдық кеңес құруды ұсынамыз. Қазір осы мәселені көтеріп жатырмыз. Есеп болмаған кезде бақылау болмайды, бұл стратегиялық тауар. Газ тарату станциялары жоқтар, тапшылық болған кезде алып-сатуы мүмкін", - деп пікір білдірді "Жанар жағармай" қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров.

Сарапшылар жақын арада газ тапшылығы сақталуы мүмкін, бұл бағаның өсуіне әкеп соғады деп болжап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154163-qazaqstannyng-eki-ongirinde-gaz-tapshy-ministrlik-okilderi-zhagdaidy-tusindirdi/