Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлікке байлап, сүйреген": итке қатыгездік танытқан ер адам халықтың ашуын тудырды

Жарияланған күні:

Оқиға сәті. Фото
Оқиға сәті. Фото: instagram.com/kris_p_brothers

Әлеуметтік желіде Алматы облысы тұрғынының видеосы тарады. Ер адам итті көлікке байлап, сүйреген, байлаудан шешкенде, жануар орнынан тұра алмай, әрең тыныстап жатқан. Облыстық полиция департаменті өкілдері бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram-дағы kris_p_brothers парақшасында жарияланған кадрларда ер адам итті байлаған шынжырды көліктен шешіп жатқанын, жануар жерде ауыр тыныстап жатқанын көруге болады.

"Жандосов ауылы, 28 тамыз, итті сүйреп келген, көлікке байлап қойған, ит "тұншығып" қала жаздаған, тоқтауға мәжбүрледік", - делінген видео жазбасында.

Желі қолданушылары ер адамның ерсі қылығына ашуланып, оны жазалауды сұраған.

Видеоға Алматы облысының полиция департаменті өкілдері түсінік берді.

"Қарасай ауданының полицейлері күдіктіні анықтап, ұстады. Оған қатысты жануарға қатыгездік көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда итті тірідей өртеп жібергендер ұсталғанын хабарлаған едік.

Оқиға Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылына жақын жерде болған. Жануарды қатыгездікпен өлтірген деген күдіктілер анықталып, ұсталған. Олар 2003 және 2007 жылы туған тұрғындар болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154205-kolikke-bailap-suiregen-itke-qatygezdik-tanytqan-er-adam-halyqtyng-ashuyn-tudyrdy/