Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өтінемін, шыдаңыз": судья Гүлмира Сатыбалдыны сотта соңғы сөзін айтуға үгіттеді

Жарияланған күні:

Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот отырысы
Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот отырысы. Фото: NUR.KZ/Айгерим Хамзина

Алматыда Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша жарыссөз өтіп жатыр. Бүгін сотталушының соңғы сөзін тыңдау жоспарланған болатын, бірақ ол сөз сөйлеуден босатуды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Прцесс басталғанда судья Мәртпек Кәкімжанов іс-әрекеттер тәртібін түсіндірді. Жарыссөзден кейін ескертпе сөзді тыңдап, сотталушылардың соңғы сөзіне көшу жоспарланған болатын.

Алайда Гүлмира Сатыбалды тағы да денсаулығы сыр бергенін алға тартты. Судья Сатыбалдыға өтініш білдірді.

"Өтінемін, шыдаңыз. Біз бүгін ескертпе сөзді тыңдауды жоспарлап отырмыз, өйткені барлық тараптар айтарын айтты. Ескертпе сөзден кейін біз сіздің соңғы сөзіңізді тыңдаймыз. Содан кейін кетуіңізге болады. Өтінемін", - деді судья.

Бұған сотталушы денсаулық жағдайын ескере отырып, түсіністікпен қарауды сұрап, адвокатын толық қолдайтынын айтты. Осыдай кейін сот Гүлмира Сатыбалдыны соңғы сөзден босатып, тараптар сөл алды.

Еске салсақ, бұған дейін сотталушы Гүлмира Сатыбалдының денсаулығына байланысты сот отырысын кейінге шегеруге тура келген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154319-otinemin-shydangyz-sudia-gulmira-satybaldyny-sotta-songgy-sozin-aituga-ugittedi/