Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда қалалық емхананың директорына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: Рolisia.kz

26 тамызда Атырау қаласының соты №4 Атырау қалалық емханасының директорына, шаруашылық меңгерушісіне, бас бухгалтеріне және кәсіпкерге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Антикорға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, алдын алу шаралары шеңберінде сот процесі ашық режимде өткізілген.

Процеске онлайн түрде облыстық денсаулық сақтау басқармасының және оның 28 ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері қосылған.

"Сотталушылар заңнама талаптарын бұза отырып жасалған шарттар шеңберінде іс жүзінде қызмет көрсетусіз кәсіпкерге 231,8 млн теңге сомасында ақша аудару жолымен қаражат жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оларға 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ емхана басшысы өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Емхананың шаруашылық меңгерушісі, бас бухгалтер және кәсіпкер мемлекеттік ұйымдарда 7 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154348-atyrauda-qalalyq-emhananyng-direktory-bas-bostandygynan-aiyryldy/