Маңғыстау облысында қалалық ехмана директоры қамауға алынды
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысында Жаңаөзен қалалық емханасы директоры мен бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті "№2" Жаңаөзен қалалық емханасы" ШЖҚ МКК директоры мен бас бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.
"Олар мемлекеттік сатып алу шарты шеңберінде медициналық бұйымдарды жеткізбестен жеке компанияның шотына 10,5 млн теңге сомасында ақша аудару арқылы қаражат жымқырды деп күдіктелуде.
Соттың санкциясымен кәсіпорын директоры қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген Антикор таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Атырау қаласының соты №4 Атырау қалалық емханасының директорына және бірнеше қызметкеріне үкім шығарғанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154349-manggystau-oblysynda-qalalyq-ehmana-direktory-qamauga-alyndy/