Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды

Жарияланған күні:

Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот отырысы
Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот отырысы. Фото: NUR.KZ/Айгерим Хамзина

Алматыда Гүлмира Сатыбалды мен оның көмекшісі Мәди Батыршаевқа қатысты сот жарыссөзі аяқталды. Судья шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша жарыссөз үш күнге созылды. Айыпталушы денсаулығының нашарлағанын айтып, сотқа келмеді. Тараптар мен ескертулерді тыңдаған судья Мартпек Кәкімжанов жарыссөздің аяқталғанын жариялады. Сот кеңесу бөлмесіне кетті. Гүлмира Сатыбалды мен Мәди Батыршаевқа қатысты үкім 29 тамызда сағат 16:00-де жарияланады.

Еске сала кетейік, бұған дейін жәбірленушілердің азаматтық талап арызы қаралды. Абай Жүнісовтің өкілі оның қамқорлығындағы адамға жалпы сомасы 2 млрд 662 млн теңге материалдық шығын, сондай-ақ 8 млрд теңге моральдық шығын келтірілгенін хабарлады.

Тараптар арасындағы жарыссыөз кезінде прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға, Мәди Батыршаевты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бұл іс бойынша алдын ала тыңдау 15 мамырда өткен. Гүлмира Сатыбалды алқабилер сотынан бас тартты.

3 маусымда Алматыда Гүлмира Сатыбалдыға қатысты басты сот отырысы басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154436-gulmira-satybaldyga-sot-ukimi-qashan-shygatyny-belgili-boldy/