Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кем дегенде аптасына екі рет": Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер қашан ашылады

Жарияланған күні:

әуежай
Көрнекі фото: pixabay.com

Монреальдағы ИКАО штаб-пәтерінде Көлік министрлігі мен АҚШ федералды авиациялық әкімшілігі (FAA) арасында Нью-Йоркке рейстерді ашу туралы келіссөздер өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың ИКАО-ның 14-ші аэронавигациялық конференциясына (AN-Conf/14) қатысу үшін Монреаль қаласына (Канада) сапары аясында АҚШ федералды авиациялық әкімшілігінің (FAA) басшылығымен кездесуі өтті.

"Кездесу барысында тараптар екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашуға бар күш-жігерін салуға келісті және ұшақтарды уақытылы жеткізу мен слот алу мәселелерін талқылады. Осылайша, 2025 жылдың соңында АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда. Рейстер кем дегенде аптасына 2 рет арындалады деп көзделген", - делінген комитет хабарламасында.

Сонымен қатар биылғы 26-30 тамыз аралығында Астана қаласында FAA сарапшылары Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын іске қосуға қажетті 1 (CAT1) санатын алу үшін ұшу қауіпсіздігін алдын ала бағалау (IASA) бойынша жұмысты бастағанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154451-kem-degende-aptasyna-eki-ret-qazaqstannan-aqsh-qa-tikelei-reister-qashan-ashylady/