Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК арнайы операциясы: ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі деген күдікпен 22 адам ұсталды

Жарияланған күні:

ҰҚК операциясы
ҰҚК операциясы. Фото: gov.kz

Қызылорда облысында марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысты деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда облысы прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен бірігіп, 2022-2023жылдар аралығында Қызылорда облысы аумағында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды.

"Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды.

Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауда", - делінген хабарламада.

Қадағалау органы мәліметінше, тергеу аяқталды.

Қазіргі уақытта іс құжаттарымен танысу процесі жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154489-uqk-arnaiy-operatsiiasy-uiymdasqan-qylmystyq-toptyng-mushesi-degen-kudikpen-22-adam-ustaldy/