RAMS QAZAQSTAN компаниясы RAMS CITY-дің екінші кезегі қашан пайдалануға берілетінін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском26 тамызда Алматы қаласы Жандосов көшесіндегі RAMS QAZAQSTAN компаниясы сату бөлімінің кеңсесінде құрылыс компаниясының басшылығы және RAMS CITY тұрғын үй кешенінің тұтынушылары мен тұрғындары арасында кездесу өтті. Күн тәртібіндегі басты тақырып - құрылысты аяқтау және тұрғын үй кешенінің екінші кезегін пайдалануға беру, деп хабарлайды компания өкілдері.
Компания өкілдерінің айтуынша, соңғы бірнеше күнде БАҚ пен әлеуметтік желілерде нысанның пайдалануға беру мерзімі кешіктірілетіні туралы жалған ақпарат тарай бастаған. Қауесет пен түсініспеушіліктерді болдырмау үшін RAMS QAZAQSTAN мынаны хабарлайды:
"Бастапқы жобада RAMS CITY тұрғын үй кешеніне қала басшылығы бекіткен 57 тұрғын үй блогы кірді. Алайда кейіннен әкімдік қала құрылысын бақылау басқармасымен бірлесе отырып, жоба 37 блокқа дейін қысқартылды. Барлық келісім беру процесі және құжат айналымы айтарлықтай ұзаққа созылды, бұл тұрғын үй кешенінің бірінші кезегін, сондай-ақ екінші кезегін пайдалануға беру мерзіміне қатты әсер етті. Айта кететіні, компания Қазақстанның құрылыс нарығында 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді және іске қосылғалы құрылысқа жоғары сападағы материалдарды пайдаланады, сонымен қатар жайлы өмір сүру жағдайларын жасай отырып, клиенттердің алдындағы шарттық міндеттемелерін толығымен орындайды, әрі объектілер сатылып, пайдалануға берілгеннен кейін де жоғары деңгейде қызмет көрсетеді".
RAMS CITY тұрғын үй кешені сату бөлімінің басшысы Александр Федоров былай дейді:
"Ең алдымен, RAMS CITY екінші кезегін пайдалануға беру мерзімі кейінге қалдырылғаны үшін кешірім сұраймыз, бұл жерде кінә бізден емес, бұған құрылыс жұмыстарының техникалық бөлігінің еш қатысы жоқ. Бұған дейін айтқанымыздай, бастапқы жоба 57-ден 37 тұрғын үй блогына дейін айтарлықтай қысқарды. Мемлекеттік рұқсат беру құжаттарын бекіту процесі бір күн, тіпті бір ай емес, одан да көп уақытты алады, себебі жоба толығымен қайта қаралады, сәйкесінше тұрғын үй кешеніндегі белгілі бір нысандарды кеңейту немесе ауыстыру тұрғысынан ғимараттың қасбетінің эскиздері де өзгереді. Жобаны түпкілікті бекітіп, құрылысқа рұқсат алғаннан кейін біз жер учаскесіндегі сыртқы желілерді шығарып, іргетасты құюдан, тұрғын үй блоктарын көтеруден, сондай-ақ айналаны және ғимараттардың қасбетін абаттандырудан тұратын құрылыстың негізгі кезеңіне дайындықты бастадық".
Бұл факторлардың барлығы, Александр Федоровтың айтуынша, тұрғын үй кешенінің бірінші және екінші кезегін пайдалануға беру мерзіміне әсер етті.
"RAMS CITY тұрғын үй кешені екінші кезегінің бірінші бөлігін пайдалануға беру биыл төртінші тоқсаннан 2025 жылдың екінші тоқсанына дейін жоспарланған және мынадай кесте бойынша жүзеге асырылады: 2024 жылдың қараша айының соңы – 40 -44 блоктар, 2025 жылдың бірінші тоқсанының соңы – 22-31 блоктар, 2025 жылдың екінші тоқсанының соңы 33-39 блоктар. Тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін қосымша автотұрақ зонасы мен жер асты автотұрағының құрылысын да қарастырдық. Біз өзекті әрі енді туындап жатқан мәселелерді шешу үшін тұрғындармен және клиенттермен үнемі байланыста боламыз", - деп қосты Александр Федоров.
* Серіктестік негізінде дайындалған материал
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154535-rams-qazaqstan-kompaniiasy-rams-city-ding-ekinshi-kezegi-qashan-paidalanuga-beriletinin-aitty/