Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да "Рахман қайнары" мемлекеттік органдардың балансына берілді

Жарияланған күні:

"Рахман" қайнары шипажайы аумағы
"Рахман" қайнары шипажайы аумағы. Фото: t.me/shko_resmi

ШҚО-да электрондық сауда алаңында "Рахман қайнары" шипажайын мемлекеттік органдардың балансына беру бойынша сауда-саттық өтіп, шипажай мемлекет балансына берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді.

"22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ", - деді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, "Рахман қайнары" шипажайы 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор – ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154565-shqo-da-rahman-qainary-memlekettik-organdardyng-balansyna-berildi/