Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұрағат құжаты ұсынылды": Шымкенттегі драма театрына 95 жыл толатыны дәлелденді

Жарияланған күні:

Жұмат Шанин атындағы драма театры
Жұмат Шанин атындағы драма театры. Фото: ticketon.kz

Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы театрға 95 жыл толады. Бұл атаулы датаны театр қызметкерлері мұрағаттық құжаттардан тапқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның сайтында хабарланғандай, бастапқыда театр өткен ғасырдың 1934 жылдары құрылды деген болжам бар болатын. Енді мұндай керемет жаңалықтан кейін, 95 жылдық тарихы бар театрдың құрметіне мегаполисте бірқатар мәдени іс-шаралар өтеді.

Театрдың құрылуына қатысты тарихи әділдікті Жұмат Шанин атындағы театр қызметкерлері қалпына келтірді. Олар театрға 95 жыл екенін дәлелдейтін бірегей мұрағат құжатын ұсынды. Осығандейін театр кейінірек салынған деп болжанған. 1929 жылғы құжат мәдениет объектісінің нақты жасын көрсетеді.

"Біздің қолымызда осы архивтік құжат, архивтен тапқан Шымкент театрын күрделі жөндеуге арналған смета бар. Барлығы мөрмен көрсетілген. Осы сәттен бастап әділдікті қалпына келтіруді тіледік", - дейді Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әдеби бөлім меңгерушісі Сая  Қасымбек.

Жұмат Шанин атындағы театрдың сахнасында жүздеген спектакльдер қойылған. Мұнда тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал көптеген көрнекті актерлер мен режиссерлер өз мансабын бастады. Биыл труппаны 18 жас актер толықтырды. Шығармашылық ұжымда барлығы 88 адам бар болса, оның 55-і актерлер.

"Театрда еңбек етіп, оның дамуына үлес қосқандар Шымкенттегі қазақ драма театрының тарихы 1934 жылдан емес, әлдеқайда ертерек басталатынын айтты. Сондықтан  бұл әділеттілікті қалпына келтіргіміз келді. Жұмат Шанин театрдың дамуына зор үлес қосты, мәдениетті сіңірді, біз оның ісін жалғастырамыз", - деп пікір білдірдіШымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Мерейтойлық датаға орай Шымкентте Орталық Азия елдерінің Халықаралық театр фестивалі өтеді, оған түрлі мемлекеттерден шығармашылық ұжымдар қатысады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154655-muragat-quzhaty-usynyldy-shymkenttegi-drama-teatryna-95-zhyl-tolatyny-daleldendi/