Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қаржы пирамидасын басқарды деген күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды

Жарияланған күні:

Күдікті
Күдікті. Фото: t.me/afm_rk

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын басқарған күдіктіге халықаралық іздеу жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚМА-ға сілтеме жасап хабарлайды

Қаржылық мониторинг агенттігі 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған, Өзбекстан тумасы Батыршина Дана Әнуарқызына іздеу жариялады.

Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін Thefiniko қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген.

"Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған.

Атап айтқанда, Thefiniko компаниясы сауда және инвестиция платформасы емес және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген", - делінген хабарламада.

Агенттік іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды:

+7-701-218-05-23 - іздеу бойынша,

+7-727-279-29-56 - кезекші бөлім.

"Сыйақы мен анонимдікке кепіл береміз", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154754-qazaqstanda-qarzhy-piramidasyn-basqardy-degen-kudiktige-halyqaralyq-izdeu-zhariialandy/