Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін: Ресейден Қазақстанға күдікті экстрадицияланды

Жарияланған күні:

Күдікті
Кісен салу. Көрнекі фото: Mario Tama/Getty Images

Ресейден Қазақстанға аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасына күдікті экстрадицияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздің Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

"Былтыр маусым айында ол адамдар тобында алдын ала сөз байласып, бірнеше мемлекеттің аумағы арқылы салмағы 60 килограмға жуық героин мен салмағы 10 килограмнан асатын гашиш контрабандасын ұйымдастырды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды", - делінген хабарда.

Құзырлы орган ақпаратынша, өткен жылғы тамызда ол Мәскеуде ұсталды, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Бас прокуратура мәліметінше, айыпталып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154781-omir-boiyna-bas-bostandygynan-aiyryluy-mumkin-reseiden-kudikti-ekstraditsiialandy/