Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық әйел жазадан құтылу үшін жалған жүктілік анықтамасын жасатқан

Жарияланған күні:

Көлік тізгінінде әйел
Көлік тізгінінде әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

Астаналық әйел мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазадан құтылу мақсатында жүктілік туралы жалған ақпарат берген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елордалық прокуратура мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері елорда аумағында 19 459 (мас күйінде жол ережесін бұзғандар – 118) жол-көлік оқиғасы болды.

Елордалық прокуратура басқармасының басшысы Саламат Тәңірбергеннің айтуынша, бүгінде мас күйінде көлік жүргізу жолдардағы өрескел бұзушылықтардың бірі болып қалып отыр.

"Көбінесе мұндай бұзушылар әйел адамдар болып келеді. Құқық бұзушылар жазадан жалтару мақсатында қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын басқа да құқыққа қарсы әрекеттер жасайтын жағдайлар бар. Мысалы, қала тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынбау мақсатында сотқа жүктілік туралы анықтама берді, ол жалған болып шықты", - деді басқарма бастығы ӨКҚ брифингінде.

Сот әйелді 15 күнге қамауға алып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.

Сондай-ақ жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша оған қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Бүгінде жол жүру мәдениеті жоғары деңгейде емес. Жолдардағы мінез-құлық мәдениетін арттыру керек, бұл адамдарға жол қозғалысы ережелерінің талаптары тек формальдылық емес екенін түсіндіреді. Қоғамда ережелерді сақтау керек деген түсінік болуы керек, өйткені адам өмірі соған байланысты", - деп толықтырды Саламат Тәңірберген.

Сонымен қатар елордада қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күрес жалғасып жатыр. Полиция қызметкерелерібасқа біреудің мүлкіне зиян келтірген кезекті бұзақыларды жауапқа тартатынын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154808-astanalyq-aiel-zhazadan-qutylu-ushin-zhalgan-zhuktilik-anyqtamasyn-zhasatqan/