Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл Түркістанның 75 мың тұрғыны табиғи газбен қамтылады

Жарияланған күні:

Газ плитасы
Газ плитасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында 1 млн 750 мыңнан астам халық, яғни облыс тұрғындарының 81,5 пайызы табиғи газбен қамтылған. Биыл бұл көрсеткіш тағы да өспек, себебі 75 мың тұрғынды қамту жоспарда бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастап тұр. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңнан астам халық немесе облыс тұрғындарының 81,5 пайызы табиғи газбен қамтылған. Бұл еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни газбен қамтылған әрбір үшінші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан.

"Биыл 75 мың халық табиғи газбен қамтылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Өткен жылы өңірде 45-тен астам елді мекен газдандырылған болатын, бұл көрсеткіш республикада өңірлер арасындағы ең жоғарғы нәтиже болды. Сондай-ақ Түркістан облысында жылдар бойы тоқтап тұрған 40-тан астам газ нысандарының мәселесі шешілді. 1,5 жылдың ішінде сақалды құрылыс ретке келтіріліп, 120 мыңнан астам тұрғын үй табиғи газбен қамтылды.

Газдандыру көрсеткіштері төмен Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Бәйдібек аудандарына басымдық беріліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154819-biyl-turkistannyng-75-myng-turgyny-tabigi-gazben-qamtylady/