Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бие сауу, таба нан жабудан бақ сынасты": Түркістан облысында Тау фестивалі өтті

Жарияланған күні:

Тау фестивалі
Тау фестивалі. Фото: gov.kz

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында Тау фестивалі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елімізде туризмді дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл бастаманы қолдау мақсатында Бәйдібек ауданында "Tau fest" фестивалі өтті.

"Біз бүгінгі іс-шара арқылы таза экологиялық аймақтың үрдісін сақтай отырып, аудандағы көркем жерлердің табиғатын, өсімдіктері мен жануарларын қорғау және тау бөктерінде мәдени демалу тәртібін қалыптастыру мәселелерін насихаттауды мақсат тұттық", - деді аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов.

Алдымен іс-шараға келген қонақтар фестиваль аясында ұйымдастырылған фото және қорықтардың көрмесін тамашалады. Фестивальге 200-ге тарта адам қатысты. Олардың қатарында өңірдегі аудан, қалалардан келген жастар, журналистер мен блогерлер бар.

Келушілер ауылдың бір күнімен таныс болып, бие сауу, таба нан жабу, күбі пісу және қол күрес, арқан тарту, кір тасын көтеру сияқты ұлттық ойын түрлерінен өзара бақ сынасты. Осылайша ұлттық құндылықтардың сырына үңіліп, ұлттық спорт түрлері насихатталды.

Шара соңында қатысушы командалар марапатталып, концерттік бағдарламаға ұласты. Содан соң кешкі алау маңында ән шырқап, пікір алмасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2154841-bie-sauu-taba-nan-zhabudan-baq-synasty-turkistan-oblysynda-tau-festivali-otti/