Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

Гүлмира Сатыбалды
Гүлмира Сатыбалды. Видеодан кадр: "Хабар" тетеларнасы / khabar.kz

Бүгін Алматыда Гүлмира Сатыбалды мен оның көмекшісі Мәди Батыршаевқа сот үкімі шықты. Бұл туралы сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шешімді судья Мәртпек Кәкімжанов шығарды. Сот үкімімен Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-бөлігімен, 194-бабының 4-бөлігімен, 389-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.

Ал Мәди Батыршаев Қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болды.

Айта кетейік, тараптар арасындағы жарыссөз кезінде кезінде прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға, Мәди Батыршаевты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

"Заңсыз бас бостандығынан айыру мерзімінде сотталушы Сатыбалды қорқытып алу арқылы жәбірленушінің және оның жақын туыстарының ақшалай қаражаты мен мүлкін иемденген. Салдарынан аса ірі көлемде – 217,9 млн теңге материалдық шығын келтірген.

Сонымен қатар Сатыбалды өзінің болжамды құқығын пайдалана отырып, озбырлық жасап, жәбірленушіні өзімен аффилирленген үшінші тұлғаларға мүліктік және жарияланған акцияларға құқықтарын қайта тіркеуге мәжбүрлеп, 1,2 млрд теңгеге аса ірі көлемдегі материалдық залал келтірген", - делінген сот хабарламасында.

Жәбірленуші тарап қатаң жаза қолданып, сотталушылардан келтірілген материалдық және моральдық шығынды өндіруді сұраған.

Айыпталушылар кінәларын мойындамады.

"Сот сотталған Сатыбалдыдан жәбірленушінің пайдасына 2,6 млрд теңге материалдық шығынды, сонымен қатар 10 млн теңге моральдық шығынды, сотталған Батыршаевтан 2 млн теңге өндірді", - делінген сот хабарламасында.

Жәбірленушілер азаматтық талап арызында жауапкер Сатыбалдыдан тиісінше 233 млн және 109 млн теңге материалдық шығын өндірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155068-almatyda-gulmira-saybaldyga-sot-ukimi-shyqty/