Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Омар, Осман, Рәзия": Түркістан облысында тағы да үшемдер дүниеге келді

Жарияланған күні:

Төлеби ауданында дүниеге келген үшемдер
Төлеби ауданында дүниеге келген үшемдер. Видеодан скриншот: turkistantv.kz

Төлеби ауданы Зағамбар елді мекеніндегі Әріпбаевтар отбасы үш перзентпен толықты. 27 жастағы Роза Әріпбаева тұңғыш ұлынан кейін өмірге 2 ұл мен 1 қыз әкелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төлеби ауданы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

16 шілдеде дүниеге келген сәбилер бүгінде 1 ай 12 күнге толды. Батыр ана мен отбасын аудан әкімі Төлеген Телғараев, өңірдің халық қалаулылары құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сәбилер мен анасына сыйлықтар табыстады.

Отбасының қуанышымен бөліскен

"Әулетті қуанышқа бөлеген бауыр ет балапандарыңыз еліне елеулі, ұлтқа адал қызмет етер азамат атансын", - деп аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы тілек арнады.

Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбайұлы "шаңырақтарыңызды қуанышқа кенелтіп жатқан үшемдердің бауы берік, өмір жасы ұзақ болсын" деп, батасын берді.

Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 33-аптасында дүниеге келгенін айтқан анасы олардың бірінің салмағы 2 келі 245 грамм болса, екіншісі 1 келі 785, үшіншісінікі 1 келі 805 грамға жеткенін айтты.

Үшемдерге Омар, Осман, Рәзия есімдері берілді.

Айта кетерлігі, Төлеби ауданында биыл екінші үшем дүниеге келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155141-omar-osman-raziia-turkistan-oblysynda-tagy-da-ushemder-duniege-keldi/