Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін қазақстандықтар Конституция күнін тойлап жатыр

Жарияланған күні:

Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Видеодан кадр: YouTube/Тұңғыш президент кітапханасы

Бүгін, 30 тамызда қазақстандықтар Конституция күнін тойлап жатыр. Бұл күн 1995 жылы республикалық референдумда таңдалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Биыл мемлекетіміздің негізгі заңына 29 жыл толып отыр.

Ал 30 тамыз республикамызда ресми демалыс болып есептеледі.

ҚР Конституциясының 1-бабына сәйкес, біздің еліміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді. Ал оның ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Ал Қазақстанның негізгі қағидаттары:

  • қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық;
  • бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму;
  • қазақстандық патриотизм;
  • республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беруді қоса алғанда;
  • мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155273-bugin-qazaqstandyqtar-konstitutsiia-kunin-toilap-zhatyr/