Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір үйдің баласындай сабырлық таныттық": Ақтөбе облысында жүзден аса отбасы баспаналы болды (фото)

Жарияланған күні:

Ақтөбеде жүзден аса отбасы баспаналы болды
Ақтөбеде жүзден аса отбасы баспаналы болды. Фото: Ардақ Ерубаева/ KAZ.NUR.KZ

Бүгін Ақтөбеде жүзден аса отбасы қоныстойын тойлап жатыр. Қобда тұрғындары мереке күні жаңа баспананың кілтін облыс әкімінің қолынан кілт алды, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 117 үйдің кілтін табыстау шарасына қатысты. Оның ішінде 100 үй аудан орталығында, 17 үй Жарық ауылында салынды. Жаңа үйге кірген тұрғындар қуанышында шек жоқ.

"10 жылдан бері Қобдада тұрамыз. Биыл көктемде үйіміз суға кетті. Осыған дейін амалдап сол үйдің бұрышында тұрдық. Кешегіде жаңбыр мен желде үйдің төбесі ұшып, тамыз айынан бастап баламның үйіне көшіп бардық. Бүгін өз үйімізге кіріп қуанып жатырмыз. Ауылдастарымды да құттықтаймын", - деді Қобда тұрғыны Мақсұт Аманшин.

Ақтөбеде жүзден аса отбасы баспаналы болды.
Ақтөбеде жүзден аса отбасы баспаналы болды. Фото: Ардақ Ерубаева/ KAZ.NUR.KZ

Көпбалалы отбасы Медетхановтар бала-шағасымен жаңа баспанаға кірді.

"Бес балам бар. Осы ауылдың тұрғынымыз. Қобда –батырлар мекені. Балаларға "батырдың ұрпағысыңдар" деп өсіріп отырмыз. Биылғы қиындыққа шыдап, облыс әкімінің қолынан кілт алдық. Бүгінгі мерекеде ауылымызда қосарланған мереке. Қуанышымызда шек жоқ", - деді ауыл тұрғыны Нұрбол Мадетханұлы.

Ақтөбеде жүзден аса отбасы баспаналы болды.
Ақтөбеде жүзден аса отбасы баспаналы болды. Фото: Ардақ Ерубаева/ KAZ.NUR.KZ

Тасқын кезінде Қобда ауданында 288 үй суға кетіп, 155 жарамсыз деп танылды. Әкімдік мәліметінше, тұрғындардың таңдауымен аудан орталығынан 8 дайын тұрғын үй сатып алынды. Ауданда барлығы 147 үйдің құрылысы жүргізілілді. Оның 130-ы Қобда ауылында, 17-сі Жарық ауылында. Құрылыс жұмыстарына 13 мердігер тартылған. Ал жөндеуге жарамды деп танылған 133 үйге қаражат аударылған.

Ақтөбеде жүзден аса отбасы баспаналы болды.
Ақтөбеде жүзден аса отбасы баспаналы болды. Фото: Ардақ Ерубаева/ KAZ.NUR.KZ

Сонымен қатар, ауданда екі әлеуметтік нысан бүлінді. Біреуі спорт мектебі, екінші гимназия. Гимназияда күрделі жөндеу бітті. Ал спорт мектебінде жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекте бітеді деп жоспарланған.

Облыс әкімінің айтуынша, көктемгі су тасқыны кезінде 4087 отбасы зардап шексе, 1020 үй жарамсыз деп танылды. Өңірде барлығы 520 үй сатып алынды, 500 үйге құрылыс жұмыстары жүрді.

"Биыл оңай жыл болмады. Қыста қарлы боран, көктемде су тасқыны басталды. Ауызбіршілікті көрсетіп, бір үйдің баласындай көмектесті. Тек облыс емес, еліміздің өзге де өңірінен келді. Қиындыққа түскенде көмек беріп, президенттің тапсырмасымен сіздермен қауышып отырмыз.

Қанша қиындық болса, артынан жақсылық болады. Еліміз тыныш болсын. Ең қуантарлығы, бір үйдің баласындай бірге болып, сабырлық таныттық. Лайым солай болсын! Ол үшін бірге жұмыс істеп, жобаларды бірге анықтауымыз керек," - деді облыс әкімі Асхат Шахаров.

Ақтөбеде жүзден аса отбасы баспаналы болды
Ақтөбеде жүзден аса отбасы баспаналы болды. Фото: Ардақ Ерубаева/ KAZ.NUR.KZ

Еске салсақ, 28 наурыз күні Қобда ауданында тасқын су тұрғын үйлерді басып, жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155317-bir-uiding-balasyndai-sabyrlyq-tanyttyq-aqtobe-oblysynda-zhuzden-asa-otbasy-baspanaly-boldy/