Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты үш жол учаскесі уақытша жабылады

Жарияланған күні:

жол
Жол. Көрнекі фото: zhaikpress.kz

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты үш жол учаскесі уақытша жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығында деформациялық тігістерді жөндеу жүргізбек.

Осыған байланысты 29 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске схемаға сәйкес толығымен жабылады.

Сондай-ақ 30 және 31 тамызда Еңлік Кебек көшесінен бастап Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде Сұлукөл көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ал 29 және 30 тамыз күні Болашақ көшесінен бастап Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейінгі учаскеде Еңлік Кебек көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары өтеді.

Сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155324-astanada-zhondeu-zhumystaryna-bailanysty-ush-zhol-uchaskesi-uaqytsha-zhabylady/