Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы көшелердің бірінде жол қозғалысы уақытша шектеледі

Жарияланған күні:

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде "Есентайская" көшесінің бойындағы учаскелердің бірінде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы жылу желілері" ЖШС мәліметіне сүйенсек, 31 тамыз сағат 08:00-ден 2 қыркүйек сағат 19:00 аралығында Алматының Алмалы ауданында Есентайская көшесінің бойымен Мақатаев көшесінен Райымбек даңғылына дейін көлік қозғалысы жабылады.

Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылу беру маусымына дайындау шаралары аясында магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram @AlmatyJoly арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс" карталары сервистерінде орналастырылған.

"Алматы жылу желілері" ЖШС уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155380-almatydagy-koshelerding-birinde-zhol-qozgalysy-uaqytsha-shekteledi/