Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте итті аяусыз ұрғандар видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Шымкентте итті аяусыз ұрған сәт
Шымкентте итті аяусыз ұрған сәт. Видеодан кадр: instagram.com/stopotlov_shymkent

Шымкентте куәгерлер белгісіз ер адамның итті аяусыз ұрған сәтін видеоға түсіріп алды. Енді ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған кадрларды жергілікті еріктілер "СтопОтлов" Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Кадрларда белгісіз азаматтың итті көсеуге ұқсас, сопақша келген затпен аяусыз ұрып жатқанын байқауға болады.

Кейінірек иттің тірі екені, бірақ ауыр жарақат алғаны айтылған.

Аталған жайтқа қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісі полиция пікір білдірді.

"Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасы жануарға аяусыздық таныту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оқиғаның анық-қанығы анықталуда", - делінген Шымкент полиция департаментінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155384-shymkentte-itti-aiausyz-urgandar-videoga-tusip-qaldy/