Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Заңсыз ойын бизнесінен 21 млн теңге пайда тапқан": іздеуде жүрген қазақстандық БАӘ-ден экстрадицияланды

Жарияланған күні:

Күдікті
Күдікті. Видеодан кадр: t.me/GenPr

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесі нұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.  

Күдікті 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 21 млн теңге көлемінде пайда тапқан. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.

Ағымдағы жылдың тамыз айында ол Абу-Даби қаласының аумағында ұсталып, кейіннен Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.

Айта кетерлігі, ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155465-zangsyz-oiyn-biznesinen-21-mln-tengge-paida-tapqan-izdeude-zhurgen-qazaqstandyq-baa-den-ekstraditsiialandy/