Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл елімізде қанша бала бірінші сыныпқа барды

Жарияланған күні:

Оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

1 қыркүйекте Қазақстанда жаңа оқу жылы басталды. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі статистикалық мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Министрлік ақпаратынша, қыркүйектен бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды.

Сонымен қатар биыл 352 мың оқушы бірінші сыныпқа қабылданған.

Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50 пайызға артты. 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады.

87 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде қарсы алуда. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі – "Қауіпсіздік сабағы" енгізілуде.

Мұның барлығы отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155624-biyl-elimizde-qansha-bala-birinshi-synypqa-barady/