Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сегіз қырлы, бір сырлы": көшеде ән салған Өскемен әкімі тұрғындарды таңғалдырды (видео)

Жарияланған күні:

Жақсылық Омар
Жақсылық Омар. Видеодан кадр: instagram.com/bizdin_oskemen

Конституция күнін мерекелеу кезінде Өскемен әкімі Жақсылық Омар халықпен арасында көзге түсті. Қала басшысы танымал әнді шырқап, тұрғындарды таңғалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеожазба Instagram-дағы "Біздің Өскемен" парақшасында жарияланған. Жақсылық Омар қала тұрғындары мен қонақтарына "МузАРТ" тобының танымал әнін шырқап берген.

"Караоке алаңында әкім де өлең айтып жатыр екен. Мереке құтты болсын!", - делінген жазбада.

Мұны көрген желі қолданушылары әкімнің өнерін жоғары бағалаған.

"Мықты біздің әкім", "Жан-жақты әкім", "Жақсылық Омар жақсы әкім деп үнемі айтамын", "8 қырлы, 1 сырлы", "Жарайсың, "әкім болсаң халыққа жақын бол " деген", "Ер азамат осындай болу керек", "Біздің әкім жан-жақты", - деп жазуда көпішілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155687-segiz-qyrly-bir-syrly-koshede-an-salgan-oskemen-akimi-turgyndardy-tanggaldyrdy-video/