Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғарғы сот Бишімбаев пен Байжановтың ісін қарайтын болды: отырыс өтетін күн белгіленді

Жарияланған күні:

Айыпталушылар Байжанов пен Бишімбаев
Айыпталушылар Байжанов пен Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша сот процесінің күні белгілі болды. Бұл ақпарат "Сот кабинеті" базасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тамыз айында Қазақстанның ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа келіп түскені хабарланған болатын. Қазір іс 4 қыркүйекте қаралатыны белгілі болды.

Айта кету керек, 6 тамызда адвокат Ерлан Ғазымжанов Facebook-тегі парақшасында Қуандық Бишімбаевтың Жоғарғы сотқа жүгінбегенін жазған еді.

"Жоғарғы сотта маған Бишімбаев Қ. мен Байжанов Б.-ға қатысты қылмыстық істің соңғысының кассациялық шағымы бойынша келіп түскенін хабарлады. Бишімбаев Қ. мен оның адвокаттары Жоғарғы сотқа жүгінбеген", - деп жазды сол кезде заңгер.

Tengrinews.kz мәліметінше, сот Бақытжан Байжановтың шағымын қарастырады.

Еске салайық, Салтанат Нүкенованы өлтіргені және оны азаптағаны үшін Қуандық Бишімбаевқа 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы "Қылмысты жасыру" бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155722-zhogargy-sot-bishimbaev-pen-baizhanovtyng-isin-qaraityn-boldy-otyrys-otetin-kun-belgilendi/