Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер Алматыда су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті

Жарияланған күні:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: Pexels

Синоптиктер 2-3 қыркүйекте жауған жауын-шашынға байланысты таулы және тау бөктеріндегі аймақтардағы өзендерде су деңгейі көтерілетінін ескертеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылғы 2-3 қыркүйекте жаңбыр жауады деген болжамға байланысты Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтеріледі.

Осыған байланысты синоптиктер қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталатынын ескертті.

Еске салсақ, бұған дейін алдағы жеті күнде Алматыда күн ала бұлтты болып, жаңбыр жауатынын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155866-sinoptikter-almatyda-su-tasqyny-boluy-mumkin-ekenin-eskertti/