Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазір қолайлы уақыт емес: СҚО әкімі Петропавл қаласының атын өзгертуге қатысты ойын айтты

Жарияланған күні:

Петропавл
Петропавл. Фото: gov.kz

Үкімет кулуарында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының атауын Қызылжар деп өзгерту мәселесіне тағы да жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Мен нақты жауап бердім, атау өзгертетін уақыт емес. Адамдар да қалыпты қабылдады. Оларда басқа да ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ", - деді облыс басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ғауез Нұрмұхамедов үкімет кулуарында Петропавл қаласының атын ауыстыру туралы айтқан еді.

Қаланың тарихи атауын ауыстырудың саяси астары жоқ екенін айтты. Сондай-ақ БАҚ өкілдері осы сұраққа қатысты жеке көзқарасын сұрады.

"Біз бірінші кезекте тұрғындардың ойын зерделейміз. Егер адамдардың көбі қала атауын өзгертуді қолдаса, біз қарастырамыз", - деген еді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155902-qazir-qolaily-uaqyt-emes-sqo-akimi-petropavl-qalasynyng-atyn-ozgertuge-qatysty-oiyn-aitty/