Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жап-жас балалардың көз жұмуы үлкен трагедия": депутат әскердегі әлімжеттік туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Айдос Сарым фото
Айдос Сарым: Фото: Nur.kz/Бақытжан Отарбаева

Бірлескен палаталар отырысына келген депутат Айдос Сарымнан журналистер әскердегі өлім мен әлімжеттікке кім кінәлі екенін сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Депутат ұлттық ұлан сарбазының мүгедек болып қалу оқиғасына қатысты пікір білдірді. Ол әскердегі әлемжеттік әлемнің барлық елінде бар деп жауап берді.

"Әскерден зардап шеккендер тарапынан әлімжеттікке командирлерді кінәлайтындар бар. Олар әскерде борышын өтеп жатқандардың тарапынан емес, командирлердің тарапынан болып жатқанын айтады", - деді журналистер.

Айдос Сарымның сөзінше, қазір ахуал жақсарған.

"Қазір жағдай жылдан-жылға өзгеріп жатыр. Ресми деректерге назар аударсаңыз, азайып келе жатқанын көруге болады. Әрине жап-жас балалардың басынан өтіп жатқан жағдай үлкен трагедия. Бүкіл әлемдегі көп елдерде осындай жағдайды басынан өткеріп жатыр деп айтуға болады. Ер балалар болған ортада осындай әлемжеттік болады. Мектепте де, балабақшада да болады. Солай болды екен деп, мектептерді жауып тастамаймыз ғой", - деп жауап берді депутат.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері депутаттан "Ұлттық Ұлан сарбазы мүгедек болып қалған қайғылы жайттан кейін Қорғаныс министрі қызметінен кетуі керек пе?" деп сұрады.

"Шатастырмайық, ұлттық ұлан Қорғаныс министрлігіне қарамайтын құрылым. Ол неге кетуі керек?" - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156092-zhap-zhas-balalardyng-koz-zhumuy-ulken-tragediia-deputat-askerdegi-alimzhettik-turaly-pikir-bildirdi/