Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының тұрғыны ортекелерді билетіп жүр (видео)

Жарияланған күні:

Тұрғынбек Манапов
Тұрғынбек Манапов. Видеодан скриншот: turkistantv.kz

Түркістан облысының тұрғыны, төлебилік өнерпаз Тұрғынбек Манапов ағаш текелерді билетіп, жұртты тамсандырып жүр. Бұл туралы Turkistan.tv арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ортекені ойнату сырт көзге қарапайым көрінгенімен, шын мәнінде оңай емес. Оның да өзіндік техникасы да бар.

Ортеке арнайы жасалған тұғырға орнатылып, домбырашының саусағына жіппен байланады. Күйші аспапта ойнай бастағанда, саусақ қозғалысымен ағаштан жасалған тау еркелері әсем биге баса жөнеледі. Ата теке, әке теке және бала теке күйге билеп, домбыраны енді үйрене бастаған жастарды шабыттандырады, қызығушылығын оятады және ойын-сауықтың сәнін кіргізіп, әдемі көңіл күй сыйлайды.

Сондай-ақ ортекені ойнату аңшылардың аңға шығар алдында жасайтын сакралды рәсімдерінің бірі  болған деседі.

Ортекені Мәскеуде билеткен төлебилік өнерпаз – Тұрғынбек Манапов кезінде көрші елдің сахнасында ән салып, бүкіл халықты тамсандырған. Мандолина, баян, пианинода шебер ойнайтын Тұрғынбек Манапов он саусағынан төгілтіп, күмбір күй шерткенде, үш ортеке билей жөнеледі.

Бірнеше ортеке қатар билегенде бір-біріне кедергі келтірмеуі тиіс. Өнерпаздың айтуынша, қазір жұрттың ағаш жануарға деген қызығушылығы жоғары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156194-turkistan-oblysynyng-turgyny-ortekelerdi-biletip-zhur-video/