Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тұрғын полицейді пышақтаған: жәбірленушінің қазіргі жағдайы белгілі болды

Жарияланған күні:

Полицей
Тәртіп сақшысы. Көрнекі фото: Polisia.kz

Дәрігерлер 1 қыркүйекте Шымкентте қызмет барысында жараланған полицейдің жағдайын баяндады. Тәртіп сақшысына ота жасалған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Ресми мәлімдемеде 1989 жылы туған ер адамға жалпы наркозбен ота жасалғаны айтылған. Оған операциядан кейін көлденең бел бұлшықеттерінің медиальды зақымдануы диагнозы қойылған. Сыртқы қан кету жағдайы да тіркелген.

Дәрігерлер қазір науқастың жалпы жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Ол хирургиялық бөлімшеге жатқызылған.

Айта кетейік, кеше, 1 қыркүйекте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқарып жүрген патрульдік полиция полкінің инспекторына өтіп бара жатқан адам шабуыл жасап, арқа тұсына пышақ салғанын жазған едік.

Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы "Билік өкіліне қауіп төндіру немесе күш қолдану" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ведомствоның мәлімдеуінше, күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156203-shymkentte-turgyn-politseidi-pyshaqtagan-zhabirlenushining-qazirgi-zhagdaiy-belgili-boldy/