Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Доллар бағамы 500 теңгеден асуы мүмкін бе: Ұлттық банк төрағасы жауап берді

Жарияланған күні:

Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы валюта бағамына қатысты пікір білдірді. Ол доллар құны 500 теңгеден асып кетуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өздеріңіз білетіндей, қазір биржада 482-483 теңге (доллар курсы – ред. ескертпесі), бұл біз екі апта бұрын да байқаған деңгей", - деді Сүлейменов.

Сондай-ақ ол доллар құны 500 теңгеге дейін жетуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

"Жоқ, доллар 500-ден асып кететіндей фактор көріп тұрған жоқпыз", - деді ҚҰБ басшысы.

Оған қоса Ұлттық банк төрағасына еуро бағамы 600-ге жетуі мүмкін бе деген сауал қойылды.

"Біз теңге – доллар бағамына көбірек назар аударамыз. Бұл біз үшін аса маңызды, өйткені халықаралық сауда операцияларының көпшілігі теңге-доллар бағамы арқылы өтеді", - деп жауап берді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банк басшысы Қазақстанда теңге құлдырауы мүмкін бе деген сұраққа жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156212-dollar-bagamy-500-tenggeden-asuy-mumkin-be-ulttyq-bank-toragasy-zhauap-berdi/