Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 101 жаңа автобус оқушыларды тасымалдайды

Жарияланған күні:

Түркістандағы жаңа автобустар.
Өңір басшысы жаңа автобустардың кілтін табыстауда. Фото: gov.kz

Түркістан облысында бірнеше жаңа мектеп ашылды, осыған орай 2024-2025 оқу жылында 17 081 оқушы тасымалданады. Ол үшін жаңадан алынған 101 автобус қызмет көрсетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Білім саласында үнемделген 19,4 млрд теңге қаржыға 20 мектеп салынып, 300-ден астам білім ошағы жөнделіп жатыр. Абаттандырылған мектеп аумағында демалу және серуендеу алаңы бар. Оқушыларға арналған жаттығу залы мен ойын және спорт аумағы орналасқан.

Мұндай ауқымды жұмыс өңір тарихында болмаған. 13 мектептің құрылысы биыл аяқталып, пайдалануға беріледі. 2024 жылы облыстағы 4 апатты және 5 үш ауысымды мектептердің мәселесі толығымен шешіледі. Мұндай өзгерістерге тұрғындар разы болып отыр.

"Мектеп мәселесі бұған дейін облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі кезінде көтерілген. Ол үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, қазір құрылыс аяқталды. Әлеуметтік нысандардың саны ғана емес, сапасы да маңызды", - деді өңір басшысы.

Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарына жаңа оқу жылы қарсаңында 62 мектепке 265 арнайы пән кабинеті алынады. 2024-2025 оқу жылында 17 081 оқушы тасымалданады. Ол үшін жаңадан алынған 101 автобус қызмет көрсетеді. Қалған 65 мектептегі қызмет түрі келісімшарт арқылы жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156275-turkistan-oblysynda-101-zhanga-avtobus-oqushylardy-tasymaldaidy/